29.06.2007, 17:23 2862

Ереванда ТМД елдерінің жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді

МИНСК. 29-маусым. Kazakhstan Today. Армения астанасы Ереванда 30-маусым мен 1- шілде аралығында ТМД елдерінің жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті үшінші отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Кеңестің отырысында оған қатысушы елдердің ұлттық жастар бағдарламалары мен 2005-жылдың 25-қарашасында Мәскеуде қабылданған жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қатысушылар арасындағы екі жақты және көп жақты қарым-қатынастың жайы қаралады", - делінген баспасөз баянында.

Кеңестің бас қосуы "Мәдениеттер арасындағы үнқатысу" атты халықаралық фестиваль шеңберінде өтеді. Оны Арменияның мәдениет және жастар ісі жөніндегі министрлігі ұйымдастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны