25.01.2008, 17:09 4553

ЕурАзЭҚ аясында бірінше кезекте Кедендік одақты құру керек - Зубков

ЕурАзЭҚ аясында бірінше кезекте Кедендік одақты құру керек - Зубков

Мәскеу. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық аясында бірінше кезекте Кедендік одақты құру керек. Мұндай пікірді бүгін Мәскеуде үкімет басшылары деңгейінде өткен Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің 20 отырысында Ресей үкіметінің премьер-министрі Виктор Зубков білдірді.

"Ресей жағы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ЕурАзЭҚ кедендік одағына қосылатынына сенім білдіреді", - деді В. Зубков.

Оның сөздері бойынша, Ресей үкіметінің қызметіндегі басты бағыттардың бірі ЕурАзЭҚ аясында қарым- қатынастарды кеңейтіп, әлемдің тәжірибеге сүйене отырып, жан -жақты терең ықпалдастықты дамыту.

Ол атап өткеніндей, үкімет басшыларының отырысында жасалған қорытындысынан кейін тоғыз келісімге қол қойылады. "Бұл құжаттар одақтың құқықтық құрылу кезеңінің қалыптастыруын аяқтап, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан дайын болған сәттен Кедендік одаққа кіретін болады. Яғни, ЕурАзЭҚ аясында экономикалық кеңестікті құруға жағдай жасалады", - деді Ресей премьері.

Кездесу кезінде, бірыңғай кедендік тарифтерді реттеу жөнінде келісім, үшінші елдерге қатысты шетке шығарылатын кедендік төлемдер жөнінде, тауар өндірілген елдерді анықтаудың бірыңғай тәртібі жөнінде, үшінші елдерге қатысты бір реттік тарифтік емес шараларды реттеу жөнінде, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтемақы шараларын қолдану жөнінде, Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін кедендік тауар құнын анықтау жөнінде, Кедендік одақ аясында және сыртқы сауда -саттық кедендік статистикасын жүргізу туралы, тауарлардың экспорты кезінде алынатын қосымша салық салудың қағидалары жөнінде, Кедендік одақта көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс тарифтері жөнінде және техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шараларды келісілген түрде жүргізу саясаты жөніндегі келісімдерге қол қойылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны