28.09.2007, 18:34 2903

ЕурАзЭҚ елдерінің транспорттық дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын жасау жөніндегі ұсыныс қарашада қарастырылады

ЕурАзЭҚ елдерінің транспорттық дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын жасау жөніндегі ұсыныс қарашада қарастырылады

Астана. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ЕурАзЭҚ мүше елдердің транспорттық дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын жасау жөніндегі ұсыныс қарашада қарастырылады. Бұл туралы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті Хатшылығының кеден және шекара мәселелері жөніндегі департамент директорының орынбасары Серік Илигужинов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қоғамдастық мүшелері ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының қатысуымен ұйым және оның инфрақұрылымдарының транспорттық дәліздерін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі техникалық міндеттерді дайындау туралы ұсыныстарды қарашада қарастыруды жоспарлауда",- деді С. Илигужинов.

Осыған байланысты ол, "2005 жылы ЕурАзЭҚ транспорттық дәліздерін құру және дамыту мен оны жүзеге асыру шараларының жобалары жөнінде келісілген саясат жүргізу туралы келісім қабылданғандығын" еске сала кетті. "Үстіміздегі жылы қоғамдастыққа мүше мемлекеттер аумағынан өтетін транспорттық маршруттардың Өзбекстан ұсынған өзгертермен тізімі бекітілген",- деп хабарлады Интеграциялық комитеттің төрағасы.

"Қол қойылған келісімді жүзеге асыру аясында қоғамдастықтың транспорттық маршруттарының тізіміне кірген мемлекеттердің көлік және темір жолдарының техникалық ахуалына талдау жүргізуге қатысты жұмыстар басталды",- деп қосты С. Илигужинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны