18.04.2007, 13:15 2851

ЕурАзЭҚ интеграциялық әлеуетті пайдалана алмай отыр - Қазақстан үкімет басшысы

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ былтыр қолда бар интеграциялық әлеуетті пайдалана алмады. Бүгін Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оңды нәтижелерге қарамастан, қоғамдастық 2006-жылы қолда бар интеграциялық әлеуетті пайдалана алмады және интеграциялық органдар алға қойған түрлі іс-қызмет бағыттарындағы шараларды жүзеге асыра алмады",- деді К.Мәсімов.

Оның бағалауынша, "тараптар қоғамдастыққа мүше жекелеген елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процестерімен қоса Кедендік одақ құруға қатысты іс-әрекеттерді үйлестіру саласындағы, сондай-ақ, Кедендік одақтың комиссиясы атты қазір жаңадан құрылып жатқан ұлттықтан гөрі мәртебелі реттеуші органның мәртебесі, құрамы мен шешімдер қабылдау тетіктеріне қатысты нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелері бойынша күні бүгінге дейін ортақ түсіністікке келген жоқ".

Үкімет басшысы қазір "қалыптасқан күрделі ахуалдан шығудың бірнеше үлгісі қарастырылып жатқанын, олардың әрқайсысы одан әрі жетілдіруді талап ететінін" еске салды. "Осы ретте ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына дербес мүше болу құқығына сәйкес қоғамдастық елдері аталмыш ұйымға мүшелікке өту жөқнінде 10 жылдан астам уақыттан бері өз беттерімен келіссөздер жүргізуде және келіссөздер аяқталып келеді. Ал олардан бас тарту мүмкін емес",- деді К.Мәсімов.

"Бұл жайтты бағамдау бізден аталмыш проблемаларды шешуде бұрындары қол жеткізілген уағдаластықтарға зиян келтірмейтіндей салмақты әрі тепе-тең көзқарас ұстануды талап етеді.. Біз құқықтық базаны қалыптастыратын құжаттарды дайын болу барысында кезең-кезеңмен қабылдауды ұсынып отырмыз. Құжаттардың қоржынын толыққанды қабылдау мен оларды іске қосуды қоғамдастық елдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты келіссөздер процесстері аяқталған соң жүзеге асыруға болады",- деді К.Мәсімов.

Оның пайымдауынша, Кедендік одақтың комиссиясы туралы келісім-шартының жобасына айрықша назар аудару қажет. "Қазақстан жағының пайымдауынша, бұл комиссия өз іс-қызметінде толыққанды әрі одаққа кіретін мемлекеттерден тәуелсіз болуға тиіс",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны