04.06.2007, 17:13 3088

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы Мәскеуде 7-маусымда өтеді

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті 35-ші отырысы Мәскеуде 7-маусымда өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 2006-жылғы 16-тамыздағы мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуінде қабылданған Кедендік одақты құруға қатысты құжаттарды дайындау мен басқа да шешімдерінің орындалу барысын талқылайды",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар бүгін Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының екі күндік отырысы басталды. Оған қатысушылар комиссияның блұған дейінгі 45-ші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу жайын талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны