27.10.2006, 13:52 3060

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысында үкімет басшылары Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру мәселесін талқылайды

АСТАНА. 27-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кезекті 17-отырысында үкімет басшылары Мәскеуде Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыруға қажетті құжаттарды дайындау барысын талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің арнаулы өкілі Ержан Ашықбаевқа сілтеме жасап.

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапотаның Ресейдің "Новости" агенттігіне хабарлағанындай, топтамада Кедендік одақтың нормативтік- құқықтық базасын қалыптастыруға қажетті 40 құжат бар.

Отырыс барысында Орталық Азия аймағының су-энергетикалық ресуртарын тиімді пайдалану тұжырымдамасының жобасын, ЕурАзЭҚ экономикасының шешуші салаларының тізімі, ұйымның 2007-жылға арналған бюджетінің жобасы қаралады.

Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің ағымдағы жылдың 9 айындағы үлес жарналарының түсімі мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейінлегі кезекті отырысы туралы талқыланады.

Бұған қоса ЕурАзЭҚ пен Халықаралық даму қауымдастығы (Орталық Азиядағы СПИД-пен күрес жобасы) арасындағы грантқа қатысты міндеттемелерді қабылдау туралы келісімнің жобасы талқыланады.

Кездесуге қатысушылар экспортттық бақылауда болуға тиіс тауарлар мен технологиялардың типтік тізіміне өзгепістер енгізу, ЕурАзЭҚ аясмындағы мемлекетаралық мақсатты бағдарламалардың жобасын жасау тәртіптеріне өзгерістер енгізу туралы талқылайды.

Бұған қоса ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламентінің типтік құрылымына қатысты нұсқаулардың жобасын, Кедендік одаққа қатысушы елдердің сыртқы шекараларындағы өткізу бекеттерін жайластыру жөніндегі 2001-2005-жылдарға арналған бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру жайын талқылайды.

Үкімет басшылары мемлекетаралық авиациялық комитетіне ЕурАзЭҚ-тың жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселесін қарайды. ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті хатшылығының Өзбекстанды қоғамдастыққа мүше ретінде біріктіруді құқықтық рәсімдеуге қатысты ақпараты тыңдалады. Отырыстың күн тәртібіне сонымен бірге Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын ЕурАзЭҚ-қа біріктіруді құқықтық рәсімдеу ге байланысты бірқатар мәселелер қаралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны