23.10.2009, 18:59 3037

ЕурАзЭҚ мемлекеттері әділет министрлерінің кеңесінің кезекті отырысы Қазақстанда өтеді

ЕурАзЭҚ мемлекеттері әділет министрлерінің кеңесінің кезекті отырысы Қазақстанда өтеді

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - ЕурАзЭҚ мемлекеттері әділет министрлерінің кеңесінің кезекті ХҮ отырысы Қазақстанда өтеді. Мұндай шешім бүгін Қырғызстанда встықкөл жағалауында өткен ЕурАзЭҚ мемлекеттері әділет министрлері кеңесінің XIV және ТМД мемлекеттерінің әділет министрлерінің кеңесінің IV отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Иділет минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі отырыста ЕурАзЭҚ мемлекеттері әділет министрлері кеңесінің XIV және ТМД мемлекеттерінің әділет министрлерінің кеңесінің IV отырысының күн тәртібіне тоғыз мәселе енгізілді. Отырыс қорытындысы бойынша ЕурАзЭҚ мемлекеттері әділет министрлері кеңесінің және ТМД мемлекеттерінің әділет министрлерінің кеңесінің мәселелерімен жеке-жеке айналысатын екі мемлекетаралық жұмыс топтарын құруға шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны