02.09.2007, 14:45 3280

Еурокомиссия Қашаған жөніндегі қайшы көзқарастар реттеледі деген үмітте

Еурокомиссия Қазақстан мен Қашағандағы мұнай кенішін игеру жөніндегі оператор - Agip KCO консориумының арасындағы қайшы көзқарастар реттеледі, деген үмітте.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. БРЮССЕЛЬ. Еурокомиссия Қазақстан мен Қашағандағы мұнай кенішін игеру жөніндегі оператор - Agip KCO консориумының арасындағы қайшы көзқарастар реттеледі, деген үмітте.

"Еуропалық комиссия ... Қазақстан мен Каспийдің Қазақстанға қарасты аумағындағы Қашаған мұнай кенішін игерумен айналысатын консорциум өз араларындағы қайшылықты достықпен шешетіндігіне үміт білдірді",- делінген Еурокомиссияның жексенбіде таратқан баспасөз баянында.

"Еуропалық комиссия аталмыш түсініспеушілікті іскерлік мәселе ретінде қабылдайды және екі жақ та өзара іскерлік міндеттерге сыйластықпен қарайды деп күтеді",- деп айтылған мәтінде.

"Біз екі жақ та оларды қанағаттандыратын келісімге келеді, деп сенеміз",- делінген Еуроодақтың Энергетикалық комиссиясының төрағасы Андрис Пиебалгстің сөздәйегі келтірілген баспасөз баянында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қашаған кеніші бойынша табиғатты пайдалануға берілген рұқсатты тоқтатқан болатын. Ресми болжамдарға сүйенсек, шешім оператор - Agip KCO консорциумы тарапынан табиғат қорғау заңнамасын бұзуға байланысты шығарылған. Атап айтқанда, табиғатты қорғау мекемесінің мәліметтеріне сүйенсек, негізгі заң бұзушылықтардың ішінде табиғатты пайдалануға берілген рұқсат шартын орындамау, қоршаған ортаға тасталатын қалдықтар нормативін жүйелі түрде асырып жіберу, қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын шектен тыс шығару және бірқатар жылдар бойы пайдалану. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылық министрлігінің балық шаруашылық комитетіндегілер, Agip KCO компаниясының іс-қызметі мен келісім жасалған аумақтағы бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу мөлшерінің күрт төмендеуі мен итбалықтардың қырылу дерегінің өсуі арасында өзара байланыс бар, деген болжам жасауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны