18.01.2008, 11:00 1437

Еуроодақ Орта Азияның ішкі істер органдарын техникалық қолдауға 3 млн евро бөледі

Еуроодақ Орта Азияның ішкі істер органдарын техникалық қолдауға 3 млн евро бөледі

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Еуроодақ Орта Азияның ішкі істер органдарын техникалық қолдауға 3 млн евро бөледі. Бұл туралы ҚР ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаевпен болған кездесуден кейін халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерполдың Бас хатшылығының өкілі Жилда Вуиллефрой де Силли мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз орталығының ақпаратына сүйенсек, Ж. Вуиллефрой "оның келу мақсаты Еуроодақ үш миллион евро бөліп отырған ішкі істер органдарына, оның ішінде, Интерполдың ұлттық бюросына, Қазақстан мен Орта Азияның өзге мемлекеттерінің бірқатар құқық қорғау органдарына жеке-жеке берілетін техникалық көмек көлемін анықтау. Жобаны Қазақстанда 2009 жылы, ал бүкіл аймаққа 30 ай ішінде жүзеге асыру көзделіп отыр.

Кездесу барысында Интерполдың Қазақстандағы ұлттық бюросын толық техникалық жаңарту және мүмкіндігін нығайту, сондай-ақ, Интерполдың ұрланған көлік, ұрланған, жоғалтылған төлқұжаттар мен мәдени құндылықтар, қылмыскерлерді іздестіру, адамның саусақ таңбалары мен ДНК-сы бойынша мәліметтер базасына ІІМ-нің аймақтық ішкі істер департаменттерін және бірқатар қызметтерін қосу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады бапасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны