06.04.2007, 13:08 3385

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы 10-14-сәуір аралығында Орталық Азияда сапармен болады - ұйымның Алматыдағы орталығы

АЛМАТЫ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы 10-14-сәуір аралығында Орталық Азияда сапармен болады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығынан хабарлады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының хабарлауынша, ұйымның қазіргі төрағасы - Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос сапар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның жоғарғы басшылығымен жүздеседі.

"Қатарына 56 елді біріктірген ұйымның жұмысына Орталық Азия елдерін мейлінше атсалыстыруға 2007-жылы ұйымға төрағалық жасайтын Испания айрықша басымдық береді",- деп хабарлайды орталық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны