08.02.2008, 14:42 3182

Франция Қазақстанмен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі диалогты тереңдетуге мүдделі

Франция Қазақстанмен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі диалогты тереңдетуге мүдделі

Астана. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Франция Қазақстанмен арадағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі диалогты тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы бүгін Францияның премьер-министрі Франсуа Фийон Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Қазақстан мен Францияның арасындағы серіктестікті нығайтып, жалғастыруға дайынбыз",- деп атап көрсетті ол. Францияның үкімет басшысы Қазақстан президентімен келіссөздер жүргізу барысында "екі елдің энергетикалық тәуелсіздігі" жөніндегі мәселе де талқыланды, деп атап өтті. "Біз бұл диалогты жалғастыруға келістік",- деді Ф. Фийон.

Оның айтуынша, кездесу барысында тараптар екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы жөніндегі мәселені де талқылаған.

Франция Қазақстанның шетелдік сауда әріптестерінің арасынан Ресей, Италия, Швейцария мен Қытайдан кейін бесінші орынды иемденеді. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 2007 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-саттық көлемі $4,68 млрд жетті. Қазақстан негізінен мұнай, металл түрлері, металл өнімдері, химиялық өнімдер мен ауылшаруашылығы тауарларын экспорттайды. Ал Франциядан электр қуаты, электрондық және механикалық жабдықтарды, тұтыным тауарлары мен дәрі-дәрмек импорттайды.

Инвестициялар көлемімен Франция Нидерланды, АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі төртінші орында. Өткен жылғы қазан айындағы жағдаймен Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының жалпы көлемі $3,7 млрд құраса, Франция экономикасына Қазақстанның жұмсаған инвестициясы $260 млн асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны