05.10.2009, 16:50 3384

Франция президенті 6 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді (толықтырылған)

Франция президенті 6 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді (толықтырылған)

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Франция президенті Николя Саркози 6 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында президент еліміздің басшылығымен келіссөздер өткізеді, олардың нәтижесінде сауда-экономика, энергетика, әскери, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда үкіметаралық және жекелеген компаниялар арасында құжаттарға қол қою жоспарлануда. Сапар аясында қазақ және француз іскер топ өкілдері қатысатын бизнес- форум өткізіледі.

Бұл сапардың негізгі мақсаты - 2007 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 62- сессиясында басталған әлемдік саяси мәселелер жөніндегі үнқатысудың жалғастыру мен екі ел арасындағы серіктестік қатынастарға жаңа серпін беру болып табылады.

Осыған байланысты тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастаған ҚР президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы 10-11 маусымдағы Парижге сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарды бекітуді жоспарлауда.

Ең алдымен, бұл қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық ұйымдар шеңберіндегі (БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б.) екіжақты өзара әрекеттестік мәселелерін қоса қамтитын Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі келісім тармақтарын нақты мазмұндық тұрғыда толықтыру болып табылады.

Франция президентінің бұл сапары Париждің Орталық Азиядағы Астананың маңызды роль атқаратындығын және өз сыртқы саясат мүдделері жүйесінде маңызды әріптес болып табылатынын айқын білдіреді. Өз кезегінде Қазақстан Францияны көпполярлы әлем қозғалысының дәйекті көшбасшысы ретінде таниды.

1992 жылы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері қазақ-француз қатынастары жүйелі түрде жалғасып келеді. Саяси тұрғыда қазіргі кездегі көкейтесті мәселелрге баға беруде Қазақстан мен Франция арасында өзара түсіністік пен ортақ ұстаным орын алды.

Кедендік мәліметтерге сүйенсек, қазақ - француз тауар айналымы 2009 жылғы қаңтар-маусым айларында 1,7 млрд АҚШ долларын (экспорт - 1,5 млрд, импорт - 208,8 млн), ал 2008 жылы - 6,201 млрд АҚШ долларын құраған екен (экспорт-5,388 млрд, импорт - 813 млн).

Қазақстанда мұнай-газ, тау-кен, энергетика, көлік және қызмет көрсету салаларында 40 аса француз компаниялары жұмыс жасауда. 2009 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда француз қаржы үлесі бар 25 өнеркәсіп орындары тіркелген. Олар негізінен сауда, көлік-логистика салаларына қызмет етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны