17.10.2012, 11:17 3188

Франция Президенті алдағы жылы Қазақстанға келеді

Бұл жөнінде Trend агенттігі Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Шарль Бертонға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Франция Президенті Франсуа Олланд Қазақстанға келесі жылы келеді., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде Trend агенттігі Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Шарль Бертонға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Біздің елдің көшбасшысы Қазақстанға келесі жылы келеді деп болжап отырмыз. Франсуа Олланд Қазақстанға келуге келісімін берді", - деді елші.

Ол осыдан бір ай бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесу кезінде Франсуа Олландты Қазақстанға шақырғанын еске салды.

"Президент Олланд бұл шақыруды қабыл алды. Өзгелер секілді мен де бұл сапардың нақты күні қашан белгілі болатынын асыға күтіп жүрмін", - деді елші.

Оның айтуынша, сапар барысында халықаралық жағдайлар мен кейбір аймақтық мәселелер жайы сөз болады.

"Сонымен қатар, Еуроодақ пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас, Франция мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынасы талқыланады", - деді ол.

Елшінің айтуынша, көшбасшылардың ауысуы екі ел арасында қабылданған жоғары деңгейдегі келісімдерге ешқандай әсер еткен жоқ.

"Президент Франсуа Олландтың Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты қолдап, одан әрі дамытуға деген ниеті айқын көрініп тұр. Саркази Президент болған шақта қол қойылған келісімдер ғана емес, жақын уақытта жаңа жобалар да жүзеге асырылатын болады", - деді Бертоне.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны