08.02.2008, 14:56 3068

Франция президенті Николя Саркози 2009 жылдың басында Қазақстанға келеді

Франция президенті Николя Саркози 2009 жылдың басында Қазақстанға келеді

Астана. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Франция президенті Николя Саркози 2009 жылдың басында Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Франция үкімет басшысы Франсуа Фийон құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға, ал Франция президенті Николя Саркозидің 2009 жылдың басындағы Қазақстанға сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімге қол қоюға алып келмек", - деді Ф. Фийон Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Біз Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болуын қолдаймыз, мен Қазақстан құқықтық мемлекет құруда өңірге үлгі болады деп ойлаймын, осы төрағалықтың келешегін ескере отырып, Франция өзінің Қазақстанмен ынтымақтастығын дамытуға дайын", - деді Франция үкімет басшысы.

Ол сондай-ақ, Франция 2008 жылдың екінші жартысында Еуропалық Одаққа төрағалық жасайтынын еске салды. "Еуроодақ өзінің Орталық Азиядағы, атап айтсақ, Қазақстанмен арадағы диалогын дамытуға ниетті. Біз өзіміздің Еуроодаққа төраға болу мүмкіндігімізді пайдаланып, өткен жылы жолға қойылған жақындасуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Біз өзіміздің төрағалық кезеңімізде энергетика мен қауіпсіздіктің өңірлік қырларына баса назар аудармақшымыз", - деді Ф. Фийон.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны