06.01.2009, 17:17 3114

Газа секторында бүгінгі күні Қазақстанның 15 әйел азаматы бар

Газа секторында бүгінгі күні Қазақстанның 15 әйел азаматы бар

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Газа секторында бүгінгі күні Қазақстанның 15 әйел азаматы бар. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда олардың барлығымен байланыс орнатылған. "Бұған дейін атап көрсеткеніміздей, Газа секторынан Қазақстанның 2 әйел азаматы 5 баласымен көшірілді. Газа секторында Қазақстан азаматтарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, онда еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген Палестина азаматтарына тұрмысқа шығып, 90-шы жылдарда шетелге кеткен 16 әйел бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны