28.08.2006, 14:10 2701

ГФР үкіметінің азшыл ұлттар және қоныс аударғандар ісі жөніндегі уәкілі елімізге сапармен келмекші

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. 30-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында елімізге ГФР үкіметінің азшыл ұлттар және қоныс аударғандар ісі жөніндегі уәкілі, парламенттің статс-хатшысы, бундестаг депутаты Кристоф Бергнер сапармен келмекші, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, "уәкіл сапарының басты мақсаты - Қазақстанда тұратын неміс ұлты өкілдерінің ахуалымен көзбе-көз танысу және Қазақстандағы неміс диаспорасына арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылауға саяды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны