05.03.2007, 17:25 3338

Грузия президентінің Қазақстанға жұмыс сапары басталады (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін Грузия президенті Михаил Саакашвилидің Қазақстанға жұмыс сапары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, сапар 5-6-наурызға жоспарланған.

Оның айтуынша, "Грузия жетекшісінің сапары саяси және экономика саласындағы Қазақстан-Грузия ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылау мақсатын көздейді".

Сапар барысында М.Саакашвили еліміздің іскерлік өкілдерімен кездеседі. Онда Грузияға Қазақстаннан инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту жайы талқыланады.

Kazakhstan Today агенттігінің Тбилисидегі тілшісінің Грузия президентінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, М.Саакашвили мен Н.Назарбаевтың кездесуінде бірқатар экономикалық мәселелер, атап айтсақ, Қазақстанның Карс-Тбилиси-Баку бағытындағы трансұлттық темір жол магистралін салуға атсалысу перспективалары талқыланады.

Осы орайда еске сала кетсек, осы магистральді салу туралы келісімге Грузия президенті Михаил Саакашвили, Изербайжан президенті Ильхам Илиев пен Түркия үкімет басшысы Реджеп Тайип Эрдоган 2007-жылдың 7-ақпанында қол қойған.

Жобаның жалпы құны 600 млн АҚШ долларын құрайды. Грузия аумағында Марабда - Ахалкалаки темір жол бөлігін салу және Карцахи - Ахалкалаки бағытындағы бөлігін реабилитациялау үшін Грузия Изербайжаннан 200 млн доллар көлемінде мемлекеттік несие алады. Ол темір жолды пайдалану барысында өтелмек.

Сарапшылардың бағалауынша, темір жолдың жүк айналымы жылына 15 млн тоннаны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны