08.02.2010, 10:31 1400

Хаттамалардың 74,5%-ын санау нәтижесінде Янукович 48,92%, Тимошенко - 45,42% дауыс жинады - Украина ОСК

Хаттамалардың 74,5%-ын санау нәтижесінде Янукович 48,92%, Тимошенко - 45,42% дауыс жинады - Украина ОСК

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы республика президентінің сайлауы бойынша алғашқы ресми мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Украина ОСК мәліметінше, қазіргі жағдаймен хаттамалардың 74,43%-ы саналды. Бұл мәліметке сәйкес, "Партия регионов" жетекшісі Виктор Янукович 48,92% , ал премьер-министр Юлия Тимошенко - 45,42% дауыс жинады.

Бірде-бір үміткерді қолдамағандар - 4,49% болса, 1,16% бюллетень күшсіз деп танылды.

Украина ОСК түскен мәлімет бойынша, дауыс беру аяқталған сәттегі сайлаушылардың белсенділігі (225 аумақтық сайлау округінің 224-інде) 69,09% құрады.

Еxit polls қорытындысы бойынша В. Янукович Ю.Тимошенкодан 4 - 5% артықшылықта келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны