12.10.2011, 11:09 4195

Хиллари Клинтон саяси лауазымын аяқтайтындығы туралы мәлімдеді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Барак Обаманың президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін өзінің саяси лауазымын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді. Сейсенбі, 11 қазан күні Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Клинтон алдағы уақытта билік құрылымдарында жұмыс істеу қызықтырмайтынын, қарапайым тірлігіне қайта оралғысы келетінін айтқан.

Алматы. 12-қазан. Kazakhstan Today - Хиллари Клинтон саяси лауазымын аяқтайтындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Барак Обаманың президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін өзінің саяси лауазымын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді. Сейсенбі, 11 қазан күні Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Клинтон алдағы уақытта билік құрылымдарында жұмыс істеу қызықтырмайтынын, қарапайым тірлігіне қайта оралғысы келетінін айтқан.

Обаманың болашақ лауазымы туралы айтқанда Клинтон оның 2012 жылы президенттік сайлауда жеңіске жететіндігіне сенімді екендігін жеткізді, деп жазады, Лента.ру.

Хиллари Клинтон 2011 жылы, яғни биыл 64 жасқа толады, 2009 жылдан бері АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы. Бұған дейін Нью-Йорк штатынан АҚШ Сенатының мүшесі болған. Сондай ақ, 2008 жылы Демократиялық партия атынан президенттік додаға ға да қатысып көрді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны