28.06.2011, 18:30 4558

ИКҰ атауы мен таңбасы өзгерді

"Ұйымның атауын өзгерту және қабылданған жаңа таңбасы туралы резолюция жариялаймын", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - ИКҰ атауы мен таңбасы өзгерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Ислам Конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИКҰ СІМС)38-ші сессиясы барысында ИКҰ атауы мен таңбасын өзгерту жөнінде резолюция қабылданған.

"Ұйымның атауын өзгерту және қабылданған жаңа таңбасы туралы резолюция жариялаймын", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Естеріңізге сала кетейік, ИКҰ СІМК бірқатар қатысушылары ұйымның атауы мен таңбасын өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын.

"ИКҰ-ның жаңа таңбасында мұсылман Уммасының жаңа логотипі белгіленген", - деп түсіндірді ИКҰ СІМС 38-ші сессиясы барысында ұйымның бас хатшысы Э.Ихсаноглу.

Сонымен қатар Ислам Конференциясы Ұйымы атауы енді Ислам Елдері Ұйымына өзгертілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны