31.05.2010, 12:02 8683

Ирандық кәсіпкерлерге виза беру ережелері жеңілдетіледі

Ирандық кәсіпкерлерге виза беру ережелері жеңілдетіледі

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Ирандық кәсіпкерлер мен туристерге виза беру ережелері жеңілдетіледі. Сондай-ақ, Иран мен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстерін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Фарс" агенттігіне сілтеме жасап.

Тегеранда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ирандағы елшісі Нұрбақ Рүстемовтың хабарлағанындай, "Қазақстан Республикасының елшілігі Ирандық кәсіпкерлер мен туристерге виза беру ережелерін жеңілдетуге бар күшін салуда", деп хабарлайды "Фарс".

Қазақстан елшісімен жексенбіде Тегеран қаласында кездесу кезінде Иран Сыртқы істер министрлігінің екінші басқармасының бастығы Насер Акеджани (Nasser Aqajani) атап өткендей, Тегеранда Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жан-жақты жоспарлар бар.

"Екі жақты деңгейде екі ел 60 шақты жобаны айқындаған, олардың бір бөлігі қазір жүзеге асырылып жатыр. Қалған бөлігі бойынша ынтымақтастық мәселесі күн тәртібінде тұр", - деді Н. Акеджани.

Ол бұған қоса екі елдің Тегераннан Қазақстанға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отырғанын және алдағы жылдарда екі ел арасында күнделікті әуе қатынасы ашылатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны