26.02.2007, 15:18 2639

Ислам Конференциясы Ұйымы Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Бас ассамблеясының 18-ші отырысын 2009 жылы Астана қаласында өткізуіне қатысты мұсылман елдерді қолдау көрсетуге шақырды

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (ДТҰ) Атқарушы кеңесінің 2007-2011 жылдары аралығында мүшелігіне үміткерлігіне және ДТҰ-ның Бас ассамблеясының 18-ші отырысын 2009 жылы Астана қаласында өткізуіне қатысты ИКҰ-ға мүше елдерді қолдау көрсетуге шақырды.Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта штаб-пәтері Жидда қаласында орналасқан Ислам Конференциясы Ұйымы 57 мұсылман елінің басын біріктіреді. Қазақстан осы беделді халықаралық ұйымға 1995 жылдан бері мүше болып табылады. ИКҰ-ның қаржы институты - Ислам даму банкі Алматыда аймақтық өкілділігін ашып, еліміздің ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыруға атсалысып келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Ислам Конференциясы Ұйымы Орталық Азияны ядролық қару-жарақтан еркін аймаққа айналдыру туралы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Семей мәлімдемесін қолдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны