23.06.2008, 19:09 3487

Ислам Конференциясы Ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші отырысын 2011 жылы Астанада өткізу туралы Қазақстан бастамасы қолдау тапты

Ислам Конференциясы Ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші отырысын 2011 жылы Астанада өткізу туралы Қазақстан бастамасы қолдау тапты

Астана. 23-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ислам Конференциясы Ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші отырысын 2011 жылы Астанада өткізу туралы Қазақстан бастамасы қолдау тапты. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Е.Ашықбаев осы орайда "өткен аптада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық делегация Уганда астанасы Кампала қаласында өткен Ислам Конференциясы Ұйымы сыртқы істер министрлерінің 35-ші кеңесіне қатысқанын" еске салды.

"Форум қорытындысы бойынша, Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қазақстандық сыртқы саяси ұсыныстар да көрінісін тапқан Кеңестің қорытынды есебін мен Кампала декларациясын қабылдады",- деді Е.Ашықбаев.

СІМ ақпаратына сәйкес, атап айтқанда, бұл құжаттарда кеңестің 38-ші отырысын 2011 жылы Астанада өткізу туралы Қазақстан бастамасы бір ауыздан қолдау тапты. Тиісінше Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінде 2011-2012 жылдары төрағалық ететін болады.

"Бұл шешімге Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың халықаралық сахнадағы жоғары беделі мен еліміздің жүйелі, теңгерімді сыртқы саясаты негіз болды.

Мұсылман елдері алдағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығын құп көрумен бірге бұл жайды БҰҰ-дан кейін әлемдегі ірі көпжақты ұйымдар болып табылатын ИҰК пен ЕҚЫҰ арасында жемісті ынтымақтастық дамытудың бір мүмкіндігі деп қарастырады".

Мұсылман елдерінің министрлері 2003 жылы тамызда Алматы қаласында өткен БҰҰ аясындағы теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер министрлерінің халықаралық конференциясы барысында қабылданған Алматы Іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруды нығайту қажеттігін мойындады.

Мұсылман елдердің СІМ басшылары еліміздің өркениетаралық және діниаралық сұхбатты алға басу жолындағы талпыныстарын жоғары бағалап, Қазақстан басшылығының бастамасымен үстіміздегі жылы қазанда Астана қаласында "Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы ілгерілеу" атты мұсылман және батыс елдер сыртқы істер министрлерінің форумының шақырылуын қолдады. Осы тұрғыда мұсылман елдері ҚР президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылды Халықаралық мәдениеттер жақындасу жылы деп атау бастамасын да қолдады.

Кездесулер барысында қазақстандық делегация өзінің 2011 жылы ИҰК-да төрағалық ету барысында 7-ші Дүниежүзі ислам экономикалық форумын өткізу жөніндегі Қазақстан өтінімі жайлы талқылады.

Кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Уганда, Мозамбик және Судан елдерімен дипломатиялық қатынастарды орнату бойынша хаттамаға қол қойылып, ноталар алмасылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны