04.09.2006, 16:56 3184

ЮНЕСКО-ның бас директоры ресми сапармен елімізге келеді

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура қыркүйектің 10 мен 13 аралығында ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура өзінің елімізге сапары аясында ел басшылығымен кездесіп, Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қояды. Сондай-ақ, ол қыркүйектің 12 мен 14 аралығында өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екінші сьезіне қатысуды жоспарлап отыр",- деді Е.Ашықбаев.

Сонымен бірге Е.Ашықбаевтың айтуынша, 7-қыркүйекте "Балалар құқығын қорғау жөніндегі" үкіметтік емес ұйым шеңберінде құрылған жұмыс тобының бастамасымен Қазақстанға БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы Якоб Эгберт Доек мырза келеді деп күтілуде.

"Елімізде балалар құқығының қорғалу жағдайын талқылау үшін БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы бірқатар министрліктер мен мекемелерде кездесулер өткізеді",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны