07.04.2008, 18:42 3306

Кабулда Қазақстанның есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды одан әрі жүзеге асыру жайы талқыланады

Кабулда Қазақстанның есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды одан әрі жүзеге асыру жайы талқыланады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәуірдің 11 мен 18 аралығында ҚР СІМ төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі - ҚР үкіметінің Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі арнаулы өкілі Асхат Оразбай басқарған мекемеаралық делегация Ауғанстанға бармақшы. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Сапар мақсаты Ауғанстанның мүдделі органдарының өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасына көмек көрсету жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан жағының есебінен жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру тетіктерін дәйектеуге саяды", - деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны