26.04.2010, 17:36 3334

Қанат Саудабаев Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сұхбаттасты

Қанат Саудабаев Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сұхбаттасты

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қанат Саудабаев Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сұхбаттасты. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"25 сәуірде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сұхбаттасты",- деді ресми өкіл.

Иңгімелесушілер екі жақты қарым қатынастың кең ауқымды сұрақтарын, соның ішінде аймақтық қауіпсіздік және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде өзара ықпалдастық мәселерін талқылады.

Қанат Саудабаев пен Хиллари Клинтон Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Барак Обаманың жақында Вашингтонда болған екі жақты кездесуінің нәтижесі екі елдің стратегиялық әріптестігіне жаңа серпіліс бергенін және қол жеткізген келісімдердің уақытылы және толығымен жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар тараптар әлемді ядролық қауіптен сақтауға маңызды үлес қосқан ядролық қауіпсіздік жөніндегі Жаһандық саммиттің халықаралық қауымдастықтың үлкен жетістігіне айналғанын ерекше атады.

Хиллари Клинтон президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төраға мемлекеттің басшысы ретінде Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға қосқан зор үлесі үшін АҚШ атынан алғысын білдіріп, аталмыш Ұйым шеңберінде Астана мен Вашинтон алдағы уақытта да қырғыз елін саяси дағдарыстан шығаруда, қоғамда тұрақтылық орнату мен конституциялық дамуын қамтамасыз етуде тығыз байланыста болуға қызығушылығын танытты.

Сондай-ақ, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Алматыда үстіміздегі жылдың 16 және 17 шілдесі аралығында өтетін Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі туралы және жоспарланып отырған Ұйым саммитінің күн тәртібінің мазмұнын анықтау жөнінде пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны