22.11.2012, 15:48 2923

Қарағандыда Украинаның құрметті консулдығы ашылды

Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ибілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасындағы Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі Олег Демин, ҚР-дағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковски, Украинаның Қорғаныс министрі Дмитрий Саламатин, Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы Ерлан Досмағамбетов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Қарағанды. 22-қараша. Kazakhstan Today - Қарағандыда Украинаның құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ибілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасындағы Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі Олег Демин, ҚР-дағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковски, Украинаның Қорғаныс министрі Дмитрий Саламатин, Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы Ерлан Досмағамбетов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Консулдық функцияларды орындау жөнінде келісімге қол қойылды, сондай-ақ консулдық патент пен экзекватура (қабылдап алатын мемлекет Үкіметінің консулды мойындағанын куәландыратын ресми құжат) табысталды.

"Құрметті консулдықты ашу Қарағанды облысы және Украина аймақтары арасындағы өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді", - деп есептейді И.Құсайынов.

Салтанат соңында Қарағанды және Украина ЖОО-лары арасында, сондай-ақ Қазақстан-Украина кәсіпкерлер қауымдастығы мен Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны