01.04.2010, 10:37 1449

Қарусыздану мәселелері бойынша бірлескен консультативтік комиссияның отырысы ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартты талқылады

Қарусыздану мәселелері бойынша бірлескен консультативтік комиссияның отырысы ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартты талқылады

Мәскеу. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Минск қаласында 2010 жылдың 30-31 наурызында ТМД Атқару комитетінде Қарусыздану мәселелері бойынша бірлескен консультативтік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

"Күн тәртібінде талқыланған басты мәселе - Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шарттың іс-әрекетін қарастыруға бағытталған 2010 жылғы конференцияға дайындық шеңберінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттың жайы болды. Сондай-ақ, орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісім-шартқа байланысты мәселелер де сарапқа салынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Отырыс барысында комиссияның кезекті отырысын 2011 жылдың наурыз-сәуір айларында өткізуге шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны