25.04.2011, 13:54 4762

Қазақсан Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын басқарады

Қазақсан Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын басқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақсан Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын басқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 27-28 сәуір күндері Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысады.

Айта кету керек, 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында түркі тілді мемлекеттер басшыларының 8-ші Саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Изірбайжан және Қырғыз елдерінің Прездиденттері қатысты. Осы Саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын.

Сәрсенбі, 27 сәуір күні, Түрк ПА Кеңесінің отырысы өтеді, аталған ұйымның төрағалығы онда Изірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс етілетіні көзделуде.

Түрк ПА Кеңесінің отырысында Түрк ПА Кеңесінің күн тәртібі және Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі жобасы талқыланады деп күтілуде. Бұл жөнінде Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлімет беретіні қарастырылған.

28 сәуір, бейсенбі күні, Түрк ПА жұмысы "Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері" атты фотокөрмесінің ашылуынан басталады. (Бейбітшілік және келісім сарайы, сағат 09-00). Сағат 09-40-та Түркі Академиясы қызметінің таныстырылымы өтеді. Содан кейін делегация басшылары естелік суретке түседі.

Сағат 10-00-де Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының екінші жалпы отырысы өз жұмысын бастайды деп жоспарланған.

Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысының салтанатты ашылу рәсімінде Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Изірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Или Шахин сөз сөйлейді деп күтіліп отыр.

ТҮРКСОЙ, Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік Одағының, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің өкілдері құттықтау сөз сөйлейтіні көзделуде.

Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысы Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың қорытынды сөзімен аяқталатыны белгіленіп отыр.

Отырыстың қорытындысы бойынша делегациялар басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтетіні жоспарлануда.

Фото: 1news.az.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны