21.06.2010, 11:08 2328

Қазақстан 1-шілдеден бастап сыртан әкелінетін құс еттеріне жылына 110 мың тонна көлемінде тарифтік квота енгізеді

Қазақстан 1-шілдеден бастап сыртан әкелінетін құс еттеріне жылына 110 мың тонна көлемінде тарифтік квота енгізеді

Алматы. 21-маусым. Kazakhstan Today Қазақстан 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап сыртан әкелінетін құс еттеріне жылына 110 мың тонна көлемінде тарифтік квота енгізеді. Бұл туралы Санкт-Петербургта өткен экономикалық форум аясында ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Бізде бірыңғай кедендік тариф енгізгенге дейін тарифтік квоталар болған жоқ, бірақ біз Ресей мен Беларусь елдерімен бірізділендіру режімі аясында осындай шешім қабылдадық",- деп түсіндіріп өтті ол.

Министрдің айтуынша, квота көлемін ұлттық үкімет белгілеп, Кедендік одақ комиссиясы бекітеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны