21.12.2007, 12:29 1645

Қазақстан БҰҰ-ның қуатты әрі беделді болғанын қолдайды және оның мақсаттары мен принциптерін ілгерілетуге жан-жақты жәрдемдесуге дайын - Назарбаев

Қазақстан БҰҰ-ның қуатты әрі беделді болғанын қолдайды және оның мақсаттары мен принциптерін ілгерілетуге жан-жақты жәрдемдесуге дайын - Назарбаев

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан БҰҰ-ның қуатты әрі беделді болғанын қолдайды және оның мақсаттары мен принциптерін ілгерілетуге жан-жақты жәрдемдесуге дайын. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының оқытушы-профессорлар құрамымен кездесуде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан БҰҰ-ның қуатты әрі беделді болғанын қолдайды және оның мақсаттары мен принциптерін ілгерілетуге жан-жақты жәрдемдесуге дайын", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге оның айтуынша, "Қазақстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымын өңірдегі қаіпсіздікті қамтамасыз ету мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың бір маңызды тетігі ретінде қарастырады". "Біз оның аясында энергетика, транспорт және транзит салаларындағы үлкен ынтымақтастық әлеуетін көріп отырмыз", -деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, тағы бір келешегі бар бірлестік - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының кеңесі болып табылады. "Біз алдағы уақытта да Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының кеңесі шеңберіндегі процестерді Азия құрлығы аумағында жаппай ілгерілете бермек ниеттеміз. Ұзақ мерзімді перспективада бұл кеңесті Азиядағы қауіпсіздікті ұйымдастырудың базисі ретінде қарастыруға болады", - деді Н. Назарбаев.

Президент бұған қоса "біз ТМД мен ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграциялық ықпалдастықты одан әрі жетілдіру мәселелерін де назар төрінде ұстаймыз", деп мәлімдеді.

Ол республикамыз үшін таяуда Мадридте өткен ЕҚЫҰ-ына мүше елдердің сыриқы істер министрлері кеңесінің 2010 жылы Қазақстанды ЕҚЫҰ-ның төрағасына сайлау туралы шешімінің айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

"ЕҚЫҰ қазір өзінің іс-қызметін жаңалау мен жетілдіруге бағытталған ауыр кезеңді бастан кешіруде. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде және үштіктің қатысушысы ретінде біз ұйымның ролі мен беделін нығайтуға өзіндік үлесімізді қоспақшымыз", -деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны