14.04.2008, 17:00 2955

Қазақстан делегациясы Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің жоғары дәрежелі зерттеушілері тобының жиналысына қатысады

Қазақстан делегациясы Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің жоғары дәрежелі зерттеушілері тобының жиналысына қатысады

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан делегациясы Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің жоғары дәрежелі зерттеушілері тобының Сеул қаласында 17-18 -сәуірде өтетін жиналысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Қазақстан үшін бұл шараның маңызы аса зор, өйткені, Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің 7-ші министрлер кездесуі 2008-жылғы күзде Қазақстанда өтеді деп межеленген, бұдан кейін 2008 - 2009 жылдар аралығында осы ұйымға төрағалық жасау құзыреті елімізге ауысады", - деді Е. Ашықбаев.

Ол мұндай шешімнің 2006 жылы сыртқы істер министрлерінің Дохада өткен жыл сайынғы отырысында қабылданғанын еске салды.

Азия ынтымақтастық диалогын құру жөніндегі бастаманы 2002-жылы Таиланд көтерген. Ол Азияның артықшылығын біріктіру үшін Азиядағы ынтымақтастық аясын кеңейту және оны дамыту үшін құрлықтағы ресурстарды жоғары деңгейде пайдалану мақсатын көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны