26.05.2008, 17:28 2997

Қазақстан делегациясы "ТҮРКСОЙ" мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің отырысына қатысады

Қазақстан делегациясы "ТҮРКСОЙ" мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің отырысына қатысады

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан делегациясы "ТҮРКСОЙ" мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"27-28 мамырда Анкарада түркі тілді елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі - "ТҮРКСОЙ"-дың 24-ші отырысы өтеді, оған Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Бейбіт Исабаев басқарған делегациясы қатысады", - деді Е. Ашықбаев.

Отырыс аясында ""ТҮРКСОЙ"-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен мәдени шаралар өткізу мәселелерін талқылау жоспарланған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны