15.04.2010, 15:22 3054

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстандағы барлық үдерістер Конституцияға сәйкес ретке келеді деп үміттенеді - ҚР СІМ

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстандағы барлық үдерістер Конституцияға сәйкес ретке келеді деп үміттенеді - ҚР СІМ

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстандағы барлық үдерістер Конституцияға сәйкес ретке келеді деп үміттенеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Асқар Ибдірахмановтың айтуынша, ЕҚЫҰ-ның Қазақстандық арнаулы өкілі, мәжіліс депутаты Жәнібек Кәрібжановтың сапары аясында "Қырғызстанның уақытша үкіметімен және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдерімен белсенді консультациялар өткізілуде".

"Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығы аясындағы мұндай күш-жігерлер белгілі бір жемісін беріп, соның нәтижесінде біз таяу уақыттарда Қырғызстандағы саяси үдерістердің Конституция аясына оралуына куә бола аламыз деп үміттенеміз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны