06.04.2009, 16:52 3310

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығының аясында ұйымның бюджетін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа 2009 жылғы қазаннан бастап басшылық жасайды

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығының аясында ұйымның бюджетін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа 2009 жылғы қазаннан бастап басшылық жасайды

Вена. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығының аясында ұйымның бюджетін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа 2009 жылғы қазаннан бастап басшылық жасайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкілдігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің 2 сәуірде өткен кезекті отырысында қатысушы мемлекеттер ұйымның 2009 жылға арналған құрама бюджетін қабылдады. Бюджеттің жалпы деңгейі 158 676 700 еуроны құрайды.

"Бюджеттің қабылдануы бізге тұрақтылықты, өркендеуді және демократияны жолға қою әрі қолдау үшін үнқатысу мен ынтымақтасуды ілгерілету жөніндегі негізгі жұмысқа алаңсыз кірісуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті тұрақты кеңестің төрағасы, Грекия елшісі Мара Маринаки.

Кеңес отырысында сөз сөйлеген Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ибдірахманов құжатты келісудегі грек төрағалығы жұмылдырған күш-жігерді ерекше атап өтіп, ұйымның құрама бюджеті бойынша ортақ келісімге қол жеткізілгенін құптады. Сонымен қатар елші қатысушы мемлекеттердің бюджеттің өз уақытында қабылдануын талап ететін ережелерді сақтауының маңыздылығына назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны