12.01.2009, 09:45 1933

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары үштігінің жұмысына кірісті

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары үштігінің жұмысына кірісті

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары үштігінің жұмысына кірісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жанындағы тұрақты өкілдігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ЕҚЫҰ рәсімдерінің ережелеріне сәйкес үштікті ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы ЕҚЫҰ үштігіне Грекия (қазіргі төраға), Финляндия (2008 жылы төрағалық еткен) және Қазақстан (2010 жылғы төраға) қатысады.

Үштік іс-қимылдарды үйлестіру мен ортамерзімдік жоспарлаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл - ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және қазіргі төрағаға кеңес беретін орган.

Мұнымен қатар, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Ынтымақтастық жөніндегі жерортатеңіздік байланыс тобына төрағалық етуге кірісті. 2003 жылы Маастрихтте өткен министрлік кездесуде қабылданған, ЕҚЫҰ-ның ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін қатерлерге қарсы тұру жөніндегі стратегиясында жапсарлас өңірлерде қалыптасып келе жатқан қатерлердің арта түскен маңызы атап көрсетілген. Осы орайда ЕҚЫҰ қызметі жерортатеңіздік әріптестерімен белсенді ынтымақтастыққа, өзаралық мүдделер тоғысатын салаларды, ортақ қауіптерді, сондай-ақ бұдан былайғы үйлестірілген іс-қимылдар үшін мүмкіндіктерді дер кезінде анықтауға бағытталған. Ынтымақтастық шеңберінде әріптес елдердің ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелерін ерікті түрде қолдануы көзделеді. Ынтымақтастық жөніндегі жерортатеңіздік байланыс тобына ЕҚЫҰ-ға қатысушы елу алты елмен қатар Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіреді.

Қазақстан топтағы өзінің төрағалығы шеңберінде Жерорта теңізі өңірі елдерінің ЕҚЫҰ-мен жақындасуына, қауіпсіздіктің адами, экономикалық-экологиялық және әскери-саяси негізгі үш өлшемінде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті. Бұл орайда өңірдегі сенім шараларын нығайту, ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау сияқты Қазақстан үлкен нәтижелерге қол жеткізген салаларда тәжірибе алмасу маңызды. ЕҚЫҰ-ның Ынтымақтастық жөніндегі жерортатеңіздік байланыс тобына қатысушы мемлекеттердің өкілдерін биыл Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Ш съезіне шақыру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны