24.12.2008, 12:07 1609

Қазақстан Газ экспорттаушы елдердің форумындағы байқаушы мәртебесіне ие болды

Қазақстан Газ экспорттаушы елдердің форумындағы байқаушы мәртебесіне ие болды

Алматы. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Газ экспорттаушы елдердің форумындағы байқаушы мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Коммерсантъ" газетіне сілтеме жасап.

Газеттің хабарламасына сәйкес, Қазақстан Газ экспорттаушы елдердің форумындағы байқаушы мәртебесіне ие болды. Отырыста сонымен бірге Газ экспорттаушы елдердің форумына Экваториялық Гвинеяны біріктіруге шешім қабылданды. Бұл ел бұған дейін форумда байқаушы болған. Газ экспорттаушы елдердің форумының бас пәтері орналасатын ел құпия дауыс беру арқылы анықталып, Доха (Катар) таңдалды.

"РосБизнесКонсалтинг" агенттігінің хабарлауынша, Газ экспорттаушы елдердің форумының бас хатшысы форумның келесі отырысында сайланады. Сондай-ақ, форумның ісін басқару жөніндегі атқарушы кеңес пен форумның жұмысының техникалық және ұйымдастыру жақтарымен айналысатын хатшылық құру жоспарлануда. Ал форумды бас хатшы басқаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны