11.09.2012, 16:04 5775

"Қазақстан инжиниринг" және ресейлік қорғаныс кәсіпорны төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесін бірлесіп жасамақ

"Қазинжинирингпен бірге келіссөздер жүргізілді және Киров атындағы Петропавл зауытында ресейлік қорғаныс кәсіпорны Калуга телеграф зауытымен бірлесіп хабар тарату жүйесін шығаратын цехті қажетті қондырғымен жабдықтау басталды", - деп Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін Астанада өткен үкімет отырысында атап көрсетті.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы мен Калуганың телеграф аппаратура зауыты бірлесіп Петропавлда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттілігіне арнап хабар тарату жүйесін шығармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазинжинирингпен бірге келіссөздер жүргізілді және Киров атындағы Петропавл зауытында ресейлік қорғаныс кәсіпорны Калуга телеграф зауытымен бірлесіп хабар тарату жүйесін шығаратын цехті қажетті қондырғымен жабдықтау басталды", - деп Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін Астанада өткен үкімет отырысында атап көрсетті.

Министрдің айтуынша, бұл қондырғыны сатып алу мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа енгізілмек. Қажетті бюджет қаржысын әкімдер қарастыруы тиіс.

Петропавлда хабар тарату жүйесінің қондырғысы барлық энергожүйелері толық ажыраған кезде де жұмыс істей береді. "Ауыл немесе шағын қала әкімі ұялы телефоннан бұл жүйелерді қоса алады, ол бір сағат бойы автономды жұмыс істей алады", - дейді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны