17.10.2007, 09:50 1398

Қазақстан Каспий аймағының елдерімен ынтымақтастығын тереңдетуге мүдделі - Назарбаев

Қазақстан Каспий аймағының елдерімен ынтымақтастығын тереңдетуге мүдделі.

Астана. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Каспий аймағының елдерімен ынтымақтастығын тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы кеше Тегеранда өткен Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының екінші саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі келіссөздер - Каспий жағалауындағы елдердің достық қатынасының куәсі және тығыз ынтымақтастық пен өзара түсіністікке ұмтылудың көрінісі.

Қазақстан Каспий аймағының елдерімен барлық саладағы серіктестігін тереңдетуге мүдделі. Және де біз мұндай мүддені Каспий теңізі жағалауындағы көршілер тарапынан да көріп отырмыз",- деді Қазақстанның елбасы.

Н. Назарбаев Иран президентінің теңіз мәртебесін реттеу үшін Каспий жағалауы елдерінің сыртқы істер министрлерінің тұрақты кездесуі туралы идеясын қолдады.

"Каспийде барлық бағыттар бойынша тиімді және жедел ынтымақтастық жасауға мүмкіндік беретін құқықтық база құру жөніндегі арнайы жұмыс тобының жұмысын оң бағалаймыз, және де Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстың тез арада аяқталуын күтеміз",- деп атап өтті Қазақстанның президенті.

Ол, Тегерандағы кездесу "біздің елдердің достастығын нығайту, өзара түсіністік пен өркендеуіне лайықты үлес қосатындығына" сенімділігін танытты. "Ол үшін барлық қажетті алғышарттар мен жағдайлар, және де ең бастысы ерік-жігер бар. Біз тек өз күштерімізді біріктіре отырып қалаған нәтижеге - Каспий теңізінің бүкілін қамтитын құқықтық мәртебесін анықтуға қол жеткізе аламыз",- деп қорытындылады Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны