14.03.2007, 14:03 3467

Қазақстан қазіргі мемлекетаралық бірлестіктер аясында парламентаралық байланыстарды дамыта береді - сенат спикері

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан қазіргі мемлекетаралық бірлестіктер аясында парламентаралық байланыстарды дамыта береді. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы: қазіргі ахуал, мақсаттар мен келешек" тақырыбындағы халықаралық бас қосуда парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз ТМД, ЕурАзЭҚ және Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы шеңберінде парламентаралық байланыстарды дамыта беруге тиіспіз",- деді Қ.Тоқаев.

Бір басым бағыт - Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық, деді ол. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Ресеймен стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланыстарды дамыту елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына қосу жөніндегі стратегиялық мақсаттың негізінде жатыр.

Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықтың тағы бір басым бағыты ретінде Қ.Тоқаев "Қытаймен арадағы өзара тиімді ынтымақтастық пен тату көршілікті нығайту" екенін және оның аясында парламентаралық байланыстарға да маңызды роль берілетінін атап өтті.

"Достық пен тату көршілік принциптерге бұлжытпай бағынатын Қазақстан мен Қытай өзара саяси сенімді тұрақты нығайтып, көптеген халықаралық маңызды мәселелер бойынша бір-бірін қолдайды, сауда-экономика, соның ішінде энергетика саласында табысты ынтымақтасып келеді",- деді сенат спикері.

Осыған байланысты ол ағымдағы жылы ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы У Банго Қазақстанға сапармен келетінін атап өтті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, сенат "АҚШ-пен байланысты дамытуға да баса назар аударады". "Қазақстан мен АҚШ арасында стратегиялық әріптестік байланыс орнаған. Ол ықпалдасьықтың кең көлемді қырларымен және өзара жоғары деңгейдегі сенімділікпен сипатталады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны