10.01.2008, 19:03 3010

Қазақстан мен АҚШ Қауіп-қатерді бірлесіп жою бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты тағы 7 жылға ұзартты - Лугар

Қазақстан мен АҚШ Қауіп-қатерді бірлесіп жою бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты тағы 7 жылға ұзартты - Лугар

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен АҚШ Қауіп-қатерді бірлесіп жою бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты тағы 7 жылға ұзартты. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевпен кездесуде АҚШ-тың сенаторы Ричард Лугар мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Р.Лугар президент Н.Назарбаевтың бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінің ядролық қарусыздануына мүмкіндік берген, ядролық қарудан бас тарту туралы таңдауын жоғары бағалады.

"Біз өңірдегі мәселелерді, энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға тасымалдау мәселелерін, сондай-ақ халықаралық деңгейде бейбітшілікті нығайтудағы мәселелерді шешудегі Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының перспективаларын талқыладық. Қазақстан мен АҚШ Қауіп-қатерді бірлесіп жою бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты тағы 7 жылға ұзартты, бұл осы маңызды саладағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді", - деді Р.Лугар журналистерге арналған брифингте.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында мемлекеттік хатшы аса құрметті америкалық саясаткерлердің бірі сенатор Ричард Лугардың жаңа басталған жылы Астанаға келген бірінші шетелдік мейман болғанының айрықша мәнін атап өтті.

"Біздің елдеріміз тәуелсіздік жылдары ішінде кең ауқымдағы ынтымақтастық жолын жүріп өтті, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және оның инфрақұрылымын жоюы осы қатынастардың іргелі шарасына айналды", - деді Қ.Саудабаев.

"Бүгінде, адамзат жаппай қырып-жою қаруының одан әрі тарау және халықаралық терроризм қауіп-қатерлерімен қақтығысып отырған кезде, біздің ынтымақтастығымызды жалғастыру және жандандыра түсу айрықша өзекті болып отыр", - деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны