29.06.2010, 17:05 3586

Қазақстан мен Иран Каспий маңында теміржол салуды талқылауда

"СІМ басшылары Каспий маңында теміржолды пайдаға беруге қатысты мәселелерді қарастырды. Қазақстан өз аумағындағы бөлігін тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай аяқтайды",- деп хабарлады Қазақстанның СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко.

Алматы. 29-маусым. Kazakhstan Today ЕҚжЫҰ қазіргі төрағасы, мемлекеттік хатшы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Иранның сыртқы істер министрі Манучар Моттакимен Каспий маңында теміржол салу жөніндегі мәселені (Қазақстан Түркімения - Иран) талқылауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Trans-Port порталына сілтеме жасай отырып.

"СІМ басшылары Каспий маңында теміржолды пайдаға беруге қатысты мәселелерді қарастырды. Қазақстан өз аумағындағы бөлігін тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай аяқтайды",- деп хабарлады Қазақстанның СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко.

Сонымен қатар, Р. Василенко "экономикалық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды" деп атап өтті. "Жуықта ашылған астық терминалы осы саладағы ынтымақтастықтың маңызды қадамы болып табылады",- деп атап көрсетті ол.

Қазақстан мен Иранның СІМ басшыларының кездесуі Ашхабадта өткен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны