02.07.2009, 12:46 2358

Қазақстан мен Испания қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісімге қол қоймақ ниетте

Қазақстан мен Испания қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісімге қол қоймақ ниетте

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Испания қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісімге қол қоймақ ниетте. Бұл туралы бүгін Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Серіктестік туралы стратегиялық келісім-шартымен қатар біз тағы бірнеше келісімге қол қоямыз. Олардың бірі аса маңызды келісім, ол - қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісім-шарты", - деді М. Моратинос.

Оның пікірінше, бұл келісім-шарты екі елдің қарым-қатынасын дамытуға және Қазақстанға испан капиталын тартуға септігін тигізеді.

"Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына, ал Испания Еуропалық Одаққа Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселелер бойынша төрағалық жасайды", - деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстанға сапарының басты мақсаты

"стратегиялық серіктестікті ілгерілетуге саяды". "Бүгін біз Қазақстанның сыртқы істер министрімен бірлесе екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі шартқа қол қоямыз", - деді М. Моратинос.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны