11.06.2008, 10:32 1471

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су-энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге дайындық мәселесі келісілді

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су-энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге дайындық мәселесі келісілді

Бішкек. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су-энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге дайындық мәселесі келісілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Министрліктің хабарлауынша, кеше аяқталған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің су шаруашылығы және отын энергетикалық сала басшыларының 2008 жылы және 2009 жылдың І тоқсанында Нарын - Сырдария өзендерінің су энергетикалық және отын ресурстарын пайдалану мәселесі жөніндегі өңірлік жиналысында аталмыш келісімге қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны