18.03.2008, 17:17 3065

Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп құратын инвестициялық қоры екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды механизмі болады

Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп құратын инвестициялық қоры екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды механизмі болады

Бішкек. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп құратын инвестициялық қоры екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды механизмі болады. Бұл туралы Қырғызстанның сауда және экономикалық даму министрі Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл қорды құру жөніндегі мәселелер Астанада өтетін Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында шешіліп, содан кейін ол бірден жұмысқа кіріседі. Бұл қор өткен жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке ресми сапары кезінде құрылып, Қырғызстанға тиімді жобаларды бірлесіп қаржыландыру қарастырылған. Қорға байланысты барлық дайындық жұмыстары аяқталды", - деп есептейді А. Жапаров.

Оның сөздері бойынша, отырыстың күн тәртібіне екі жаққа маңызды болып отырған мәселелер де енгізілетін болады. Онда Алматы-Ыстықкөл жолының құрылысын салу жобасы дар бар. Сондай-ақ, басқа салалар бойынша қарым қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылады.

"Сондай-ақ, қырғыз-қазақ шекарасы бойынша туындап отырған екі жақты даулы мәселелер нақты шешіледі деген сенімдемін", - деді А. Жапаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны