24.12.2012, 12:53 5812

Қазақстан мен Корея "жасыл" технологиялар арқылы энергия өндіру жобаларын жүзеге асыру туралы келісім жасасты

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Корея Республикасына сапары барысында іскерлік орта өкілдерімен бірқатар келісімге қол жеткізді.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Корея "жасыл" технологиялар арқылы энергия өндіру жобаларын жүзеге асыру туралы келісім жасасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Корея Республикасына сапары барысында іскерлік орта өкілдерімен бірқатар келісімге қол жеткізді.

Ресми сапар барысында қазақстандық өкілдер Канвандо аймағының губернаторы Чой Мун Сунмен, осы аймақтың бірқатар компаниялары басшыларымен кездесті.

Шығыс Қазақстан облысының және ЧхунЧхон қаласының іскерлік ортасының өкілдері "СемАЗ" Семей зауыты базасында ШҚО жедел жәрдем көліктерін құрастыру жобасын жүзеге асыруға туралы екіжақты келісімге келді.

ЧхунЧхон қаласы басшылығы маман алмасу және медицина қызметкерлерінің тәжірибесін арттыру туралы мәселенің маңыздылығына тоқталды.

Сеул қаласында өткен басқосуда жергілікті ірі индустриалды компаниялардың басшылары мен қазақстандық делегаттар инновациялық "жасыл технология" тәсілімен энергия өндіру жайлы, көмір өндірісінің қалдықтарын өңдеу, марал мүйізін өңдейтін және алтай балын өндіретін зауыттардың құрылысы туралы, ШҚО аймағында ГЭС салу туралы келісімге келді.

Жүргізілген келіссөздер барысында HKdfc., LTD и Kntechkorea Co., Ltd. Оңтүстік кореялық компаниялармен екіжақты меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны