17.09.2007, 16:00 1579

Қазақстан мен Литва транзиттік-транспорттық ынтымақтастық аясын кеңейтпек ниетте

Қазақстан мен Литва транзиттік-транспорттық ынтымақтастық аясын кеңейтпек ниетте.

АСТАНА. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Литва транзиттік-транспорттық ынтымақтастығын кеңейтпек ниетте. Бұл туралы бүгін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақстан-литва комиссиясының отырысы барысында комиссияның тең төрағасы, Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі Рапиль Жолшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан мүддесінен туындап отырған ең келешегі бар бағыттардың бірі көлік және транзит саласын дамыту болып табылады",- деп атап өтті Р. Жошыбаев.

Атап айтқанда, вице-министр "қазіргі уақытта біздің еліміз теміржол көлігін пайдаланудың болашағын қарастыруда", деп атап көрсетті. "Одан әрі ынтымақтастық жоспарында біз үшін 2003 жылы іске қосылған Одесса - Ильичевск - Клайпеда бағыты бойынша "Викинг" құрамды контейнерлік поезы қызығушылық тудырады. Аталмыш бағытты Поти мен Баку арқылы Ақтауға дейін созу үшін барлық жағдай бар",- деді ол.

Вице-министр, "Литваның транзиттік әлеуетін пайдалану жөніндегі кез-келген ұсыныс Қазақстанның көмірсутегі шикізатын тасымалдауды әртараптандыру бағыты мен оларды дүниежүзілік нарыққа тасымалдаудың баламалы жолдарын іздеудегі күш-жігеріне сәйкес болады", деп атап өтті. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі таратқан баспасөз баянында хабарланғандай, Литва жағы осы елдің мұнай өңдеу зауыттарында экспорттау мен қайта өңдуге Қазақстан мұнайын Литваның транзиттік дәлізі бойынша транзиттік тасымалдау үшін тартуға қызығушылық танытуда.

Р. Жошыбаев сондай-ақ, "Қазақстан республикасы индустралық-инновациялық басымдылықтарына сәйкес экспортқа бағытталған және отандық ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірісті кластерлік дамыту жобаларын жүзеге асыруға литвалық бизнесмендердің қатысуын құптайды" деп атап көрсетті. Сондай-ақ вице-министрдің хабарлауынша, "бүгінде Литва Қазақстанның келешегі бар экономикалық серіктесі болып табылады және ынтымақтастық әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр". "Тауар айналымының көлемі мен құрылымын талдау нәтижесі оны бірінші кезекте әртараптандыру жолымен өсіру қажеттігін көрсетіп отыр",- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, вице-министр өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің азайғандығына алаңдаушылық танытты. Оның пайымдауынша, "өзара тауар айналымының қазіргі көлемі біздің елдеріміздің экономикалық мүмкіндіктеріне сай емес".

Қазақстандық статистика органдарының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 2005 жылы 97,8 млн АҚШ долларын құраса, 2006 жылы 72,9 млн АҚШ долларына дейін, яғни 25 пайызға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны