07.11.2012, 11:48 3995

Қазақстан мен Малайзия екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытпақ

Отырыста екіжақты әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен қазақстан-малайзия ықпалдастығын одан әрі дамытумен байланысты басымды мәселелер талқыланды.

Астана. 7-қараша. Kazakhstan Today - Кеше ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов пен Малайзияның Халықаралық сауда және өндіріс министрлігі Бас хатшысының орынбасары Мохд Ридзал Шерифтің тең төрағалығымен Қазақстан-Малайзия сауда-экономикалық комитетінің бірлескен екінші отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, отырыста екіжақты әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен қазақстан-малайзия ықпалдастығын одан әрі дамытумен байланысты басымды мәселелер талқыланды.

"Қазақстан-малайзиялық қарым-қатынастың әлеуеті бүгінгі таңда өте тұрақты әрі үнемі даму үстінде. Малайзия еліміздің сыртқы саясатындағы оңтүстік-шығыс бағыттағы маңызды орындардың бірінде. Бүгінгі отырысымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы сәуірде Малайзияға барған ресми сапарында екі ел басшыларының берген тапсырмаларын орындаудағы механизмдердің бірі болып табылады", - деді ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Оның айтуынша, 2011 жылы Қазақстан мен Малайзия арасындағы сыртқы сауда айналымы 97,1 млн. долларға жетіп, 25,1 пайыздық өсім көрсеткен.

Қазақстанның Малайзияға жасаған экспорты былтыр 1,8 млн. АҚШ долларына жетіп, бұрнағы жылғы көрсеткіштен 3,5 есе көбейген. Ал Малайзиядан Қазақстанға жасалған импорт өлемі 95,3 млн. долларды қамтып, 23,6 пайызға өскен.

"Изірше біздің елімізден Малайзияға шығарылатын тауар айналымы айтарлықтай көп емес. Дегенмен бұл көрсеткіштің үлкен жылдамдықпен өсіп келе жатқанын ескерсек, алдағы жылдарда мұнай-газ, тау-кен өндірісі, ауылшаруашылығы және басқа да салалар бойынша тауар айналымы жаңа сатыға көтеріледі деген сенімдеміз", - деді Тимур Жақсылықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны