04.02.2008, 17:48 3091

Қазақстан мен Оман сыртқы саясат аясындағы біріккен іс-әрекет жоспарын қабылдайды

Қазақстан мен Оман сыртқы саясат аясындағы біріккен іс-әрекет жоспарын қабылдайды

Астана. 4-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Оман мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы мен Сұлтан Оманның ішкі істер министрліктерінің 2008 жылға арналған іс-әрекет жоспарына" қол қою жоспарлануда. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарған қазақстандық өкілдердің Оманға сапарының мақсаты Қазақстан мен Оман мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің бірінші кезеңін өткізу болып табылады.

Консультация барысында тараптар екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзара ықпалдастық бағыттарының болашағын, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар мен форумдар аясындағы Астана мен Маскат арасында одан әрі ынтымақтастықты талқылайды",- деп хабарлады Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, Н. Ермекбаев сондай-ақ Эль-Кувейтке барып, Кувейт жағымен сыртқы істер министрлері кеңесін өткізеді. Эль-Кувейтте ол Кувейттің премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Мухаммад ас-Сабах ас-Салим Ас-Сабахтың қабылдауында болады.

Қазақстан делегациясының Оман Сұлтандығы мен Кувейт Республикасына сапары 9 - 10 ақпан аралығында өтеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны