07.09.2012, 18:10 3497

Қазақстан мен Өзбекстан өзен суын тиімді пайдалануға байланысты мәселені шешуде күш біріктірмек

Аралды құтқару маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездескеннен кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Астана. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Өзбекстан өзен суын тиімді пайдалануға байланысты мәселені шешуде күш біріктірмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аралды құтқару маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездескеннен кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Келіссөздер барысында Орталық-Азия өңірінің су-энергетикалық ресурстарын бірлесе пайдалану тетігін талқылау, Аралды құтқару халықаралық қоры қызметін жандандыру мәселесі маңызды болды. Бұл мәселе барша республикалар үшін өте маңызды. Біздің көршілес және бауырлас елдерге, яғни өзендердің (Сырдария, Амурдария) жоғарғы бастауында орнасқандарға Қазақстан мен Өзбекстан, Амурдария бойынша Түрікменстан төменде судың жетіспеушілігін сезініп жатқандығы жайлы тағы да "бауырластық сәлемімізді" жолдаймыз", - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы судың жетіспеушілігін әр адам сезінетінін және бұл миллиондаған адамдардың өмірі екенін қадап айтты. "Бұл мәселелерді осы ұйым құрамындағы барлық елдерге тиімді болатындай етіп, бірлесе шешеміз деп үміттенеміз. Аралды құтқару мәселесі де осының негізінде. Менің ойымша, Өзбекстанның осы қорға төрағалық етуі дамуға жаңа серпін бермек", - деді Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны